Дастин Бойд карьерасын "Барыста" жалғастырмауы мүмкін

Дастин Бойд. Сурет "Барыс" сайтынан алынды.
Елордалық "Барыс" хоккей командасының президенті Борис Иванищев ұжымның экс-капитаны Дастин Бойдпен келісімшарт туралы келіссөз жайында айтып берді, деп жазады Vesti.kz порталы. Шабуылшы команда сапында сегіз маусым өнер көрсетті. Команда хоккейшімен келісімшарт жасауға ниетті екен. 

34 жастағы хоккейшіге бір жылдық келісімшарт ұсынылған. Бірақ ол әлі келісімшартқа қол қоймапты. 

"Біз Дастинге келісімшарт жібердік. Ол үнсіз қалды. Оның карьерасы қайда жалғасатыны белгісіз. Бірақ біз оған керемет еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Қорғаушылар шебінде бір бос орын бар. Қазір қорғаушы іздестіріп жатырмыз. Ол туралы нақты ақпаратты алдағы уақытта жариялаймыз. Қазірше маусымды осы құраммен бастаймыз", - деді президент. 

Айта кетейік, Бойд "Барыс" сапында 451 кездесу өткізіп, 278 (132+146) ұпай жинады. Сондай-ақ ол Қазақстан құрамасы сапында да өнер көрсетеді. 






Метки: