"Барыстың" маусым алдындағы жаттығу жиындары өтпеу қалуы мүмкін

Сурет "Барыс" клубының сайтынан алынды.
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін елордалық "Барыс" клубының маусым алдындағы жаттығу жиындары өтпей қалуы мүмкін, деп хабарлайды "Шайба.kz".

Порталдың мәліметі бойынша, оқу-жаттығу жиындарының өтпей қалуына басты себеп - Спорт және дене шынықтыру басқармасының ережесі болып тұр. Еске салайық, басқарма 1 шілдеден бастап індетке байланысты барлық командалардың жаттығу жиындарын тоқтату туралы ереже шығарған еді. 

Шілде айының басында "Барыстың" жастар құрамасы жаттығуға кірісу керек болатын. Ал негізгі құрама шілденің ортасынан бастап жаттығуды бастап қажет. Бірақ, мына жағдайға байланысты қазір жаттығудың қашан басталатын түсініксіз болып тұр.

Айта кетейік, биылғы маусымның алдында "Барыс" бас бапкері ауыстырды. Бұған дейін команданы жаттықтырып келген беларусь маманы Андрей Скабелканың орнына қазақстандық Юрий Михайлис келді.