"Барыстың" ҚХЛ-дағы бірінші қарсыласы анықталды

Сурет "Барыс" хоккей клубының сайтынан алынды.
Елордалық "Барыстың" Құрлықтық хоккей лигасындағы бірінші қарсыласы анықталды,-деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

3 қыркүйек күні өтетін ойында біздің команданың қарсыласы - ригалық "Динамо" клубы болады. Ойын Латвияда өтеді. 

Ал "Барыс" өз алаңындағы бірінші кездесуін 10 қыркүйек күні өткізеді. Қарсыласы қытайлық "Куньлунь". Бірақ елордалық клуб өз алаңындағы ойынын қайда өткізетіні белгісіз болып тұр. 






Метки: