«Барыстың» қазақстандық қорғаушысы үйлену тойын өткізді

Никита Клещенко с супругой. Фото: instagram.com/barys_official
«Барыс»және хоккейден ұлттық құраманың қорғаушысы Никита Клещенко үйленді. Бұл туралы астаналық клуб әлеуметтік желілерде 23 жастағы ойыншы мен оның жұбайының фотосын жариялап бөлісті.

Бізде жақсы жаңалықтар бар, біз Никита Клещенконы және оның жұбайы Янаны отбасы құруларымен құттықтаймыз. Жас отбасына бақыт пен махаббат тілейміз», - деп жазды «Барыс». Айта кетейік, бұл клубтағы маусым аралығындағы екінші маңызды жаңалық - бұған дейін қазақстандық шабуылшы Антон Сагадеев үйленуі жайлы хабарлаған.

«Барыстың» қазақстандық ойыншылары жаттығуды бастап кетті, бірақ легионерлер әлі командаға қосылмаған. Кезекті маусымы қыркүйектің басында басталатын КХЛ күнтізбесі жарияланды, бірақ қазақстандық клуб өз матчтарын қай жерде ойнайтыны әлі белгісіз.

 

Метки: