"Барыстың" басты қарсыластарының бірі бапкерін ауыстыруға ниетті

Курт Фрейзер. Сурет: ҚХЛ сайтынан алынды.
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін қытайлық "Куньлунь Ред Стар" командасы маусым басталғанға дейін бас бапкерін ауыстыруы мүмкін. 

"Спорт-Экспресс" басылымының мәліметі бойынша, команданың қазіргі бапкері канадалық Курт Фрэйзердің орнына оның көмекшісі ресейлік Алексей Ковалев тізгінді ұстауы ықтимал. Алдағы уақытта клубтың бюджеті қысқарады. Сол үшін ұжым басшылары мұхиттың арғы жағынан маман алдырмай, ресейлік бапкерлерге сенім білдірмекші. 

Коронавирус індетіне байланысты "Куньлунь" алдағы маусымда Мәскеу маңындағы Мытищи қаласында орналасады. Айта кетейік, қытайлық команда ҚХЛ-да 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда бұл команда Шығыс конференциясында оныншы орын алды. Ал "Барыс" болса бұл конференцияда екінші орынға жайғасты.

ҚХЛ-дың 2020/21 маусымы 2 қыркүйек күні басталады. Лигада 23 команда өнер көрсетеді. 




Метки: