"Барыс" Швеция құрамасының қорғаушысымен келісімшарт жасады

Сурет: ҰХЛ

"Барыс" хоккей командасы шведциялық қорғаушы Олле Альсингпен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Біржақты келісімшарт бір маусымға, яғни 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалды.

Айта кетейік, 25 жастағы хоккейші карьерасының басым бөлігін өз отанында өткізген. Сонымен қатар ол Швеция жастар құрамасы мен ұлттық құрамасында да ойнаған.

2020/21 маусымда қорғаушы Ұлттық хоккей лигасында "Оттава" командасында төрт кездесу өткізген. Кейін команданың фарм-клубы "Бельвиль" сапына ауыстырылды. Онда Альсинг он кездесуге қатысып, екі нәтижелі пас берді. 

Еске салайық, Альсинг "Барыс" сапына қосылған үшінші жаңа ойыншы. Бұған дейін елордалық команда шведциялық қорғаушы Эрик Мартинссон мен канадалық шабуылшы Коди Куникпен келісімшарт жасады.

 

Метки: