"Барыс" ЖХЛ және ҚХЛ-да ойнайтын командалармен жолдастық кездесу өткізеді

Сурет: "Барыс" сайтынан алынды.
Елордалық "Барыс" клубының жаттығу жұмыстары 20 тамызға дейін жалғасады,- деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Еске салайық, команда 5 тамыз күні жаттығуын бастаған еді. Қазір құрама сапында тек қазақстандық ойыншылар жаттығу жасап жатыр. Себебі, шет елдік ойыншылар Қазақстанға келе алмай жатыр. 

Жаттығу жиындары барысында "Барыс" жолдастық кездесу өткізеді. Тарқатып айтсақ: 21 және 23 тамызда "Барыс" өскемендік "Торпедомен" ойнайды. Бұл кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. 

Ал 27 және 29 тамыз күндері Қарағандыда "Сарыарқамен" кездеседі. 31 тамызда Екатеринбург қаласында "Автомобилист" ұжымына қарсы кездесу өткізеді. 

Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасының 2020/21 маусымы 2 қыркүйекте басталады деп күтілуде. 









Метки: