"Барыс" жаңа бапкерлерін таныстырды

Сурет "Барыстың" сайтынан алынды.
Елордалық "Барыс" клубы бапкерлер қосынын жасақтап бітті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

2020/21 жылғы маусымда бас бапкер Юрий Михайлиске Георгий Верещагин, Александр Шимин, Андрей Шаянов және Александр Ахцигер көмектесетін болады. 

Команданың видео-сарапшы қызметін Сергей Тамбулов атқара береді. 

Айта кетейік, Ахцигер мен Тамбулов "Барыстың" бапкерлер қосынында 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Шимин болса екі жыл бұрын қосылды. 

Верещагин бұған дейін Михайлисті "Номад" командасында көмекшісі болған. Одан бөлек, бұл екі маман Қазақстан жастар құрамасында бірге жұмыс істеген. 

Шаянов - Ресейдің еңбегі сіңген жаттықтырушы. Ол осыған дейін "Барыстың" бас бапкері және бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. 




Метки: