"Барыс" бірнеше ай бойы хоккейшілеріне айлық бермей жатыр

Сурет "Барыс" сайтынан алынды.

Елордалық "Барыс" хоккей командасы бірнеше ай бойы хоккейшілеріне айлық бермей келеді. Бұл туралы "Держи передачу" каналы хабарлап отыр. 

"Барыста" үлкен қаржылық қиындықтар бар. Хоккейшілер наурыз бен сәуір айының айлығын әлі алмаған. Ал жеңіске берілетін сыйақыларды жыл басынан бері ала алмай келеді. Одан бөлек, өткен маусым үшін де сыйақы ("Металлурге" қарсы матч) берілмеген. Басшылар жалақы берілетін уақытты күн сайын өзгертіп жатыр. Хоккейшілер ашулы", - деп жазады дереккөз. 

Еске салайық, "Барыс" өткен маусымда Шығыс конференциясында алтыншы орын алды. Ал Гагарин кубогінде "Метталург" командасынан жеңілді. ҚХЛ-дің жаңа маусымы 1 қыркүйек күні басталу керек. 

 

Метки: