Андрей Назаров жақын арада "Барыстың" бас бапкері атануы мүмкін

Андрей Назаров. Сурет: sportbox.ru©

Елордалық "Барыс" хоккей клубы жақын арада бас бапкер Юрий Михайлисті қызметінен қууы мүмкін. Бұл туралы "Хоккей без зрителей" телеграмм каналы хабарлап отыр. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, команда басшылары қазақстандық маманның жұмысына көңілі толмайды екен. Тіпті оның орнын басатын бапкер де белгілі екен. Ол "Барыс" пен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Андрей Назаров. Сонымен қатар, ресейлік мамандар - Сергей Зубов пен Андрей Мартемьянов та бар. 

"Команда басшыларына "Барыстың" қазіргі көрсеткіші ұнамайды. Юрий Михайлис команда ойыншыларын бақылауда ұстай алмайды. Ұжым соңғы ойындарда ұтылып, хоккейшілер бір-бірімен төбелесіп жүр", - деп жазады дереккөз. 

Айта кетейік, "Барыс" соңғы төрт ойында жеңілді. Сонымен қатар, соңғы кездесудің алдында елордалық команданың ойыншылары жаттығу кезінде төбелесіп қалған. Сол төбелесте Джесси Блэкердің жағы сынды. 


 

Метки: