auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Олимпиада комитетін Тимур Құлыбаев басқарғалы спорттық жетістіктер құлдырағаны ашық айтылды

Олимпиада комитетін Тимур Құлыбаев басқарғалы спорттық жетістіктер құлдырағаны ашық айтылды
©Тұрар Қазанғапов

Депутат Ермұрат Бапи Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне Тимур Құлыбаев келгеннен бері елдің спорттық жетістіктері құлдырай бастағанын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мысалы, Токиодағы соңғы жазғы Олимпиада ойындарында біздің спортшылар бірде-бір "алтын" немесе "күміс" медаль алған жоқ, тек 8 қола медальмен қайтты. Ал медальдық есепте біздің еліміз 83 орынға бір-ақ түсті!

1994 жылдан 2014 жылға дейінгі Жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар тұрақты түрде 4-5 орын алып келген еді. 2018 жылы біз 9-шы орынға, ал 2023 жылы 11-ші орынға түстік! Шамамен, Парижде де осының кебін киюіміз әбден мүмкін. Бұл біздің құрамамыз дербес ел ретінде Қазақстан атынан қатысатын сегізінші Олимпиада ойындары болмақ", - дейді депутат. 

Ермұрат Бапи тәуелсіздік жылдарында спортшылар 11 спорт түрінен 14 алтын, 22 күміс және 35 қола медаль жеңіп алғанын атап өтті. 1996 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан барлық жазғы Олимпиада ойындарында ешқашан алтынсыз қалмай, әлемдегі үздік 40 елдің қатарынан түспеген.

"Бұл ретте, елімізде футболдың біршама қарқынды дамып жатқанын атап өткен жөн. Ел Президентінің өзі ұлттық құрама ойынына қолдау көрсету үшін, соңғы кездері футболға арнайы барып жүр.

Тағы бір атап өтерлік жәйт – Тимур Құлыбаев келгелі Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығына кілең "Ескі Қазақстанның" өкілдері іріктеліп алынды.Оның ішінде, бір-біріне айнымас құда-жекжаттар мен миллиардер күйеудің олигарх-достары өріп жүр. Сонымен қатар Комитетке мүше болып сайлануға 70 жастық шектеу белгіленген. Қазіргі мүшелердің ішінен бұл цензденасып кеткендер де, күні ертең толайын деп отырғандар да бар. Ұлттық Олимпиада комитеті басқарушы органының осындай шал-шауқандар құрамымен қандай жеңіске жетуге болады?

Оның үстіне, баршаға мәлім, Тимур Құлыбаев Қазақстанның ең ірі 50 жеке бизнесі қатарына кіретін компаниялардың активтерін иелене отырып, бірқатар ірі бизнес жобаларды бақылайды, Оның ішінде: "АЛМЭКС" Холдингтік тобы, "Каспий Мұнай" және "Retro Retail" мұнай компаниялары бар. Мұндай шамадан тыс жүктемемен оның олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға мүлдем уақыты жоқ деуге болады! Оның ойы елдің мұнайын сатып, қалтасын толтыру. Спортты қайтсын?!", - дейді ол. 

Депутат сондықтан да Ұлттық Олимпиада комитетінің жұмысында "Әділетті Қазақстан" бағытында трансформация әлі де жоқ екенін айтады.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет Ұлттық Олимпиада комитеті мен федерациялар арасында тиісті үйлестірудің жоқтығын атап өтті. Тиімді қарым-қатынастың, өзара әрекеттестіктің, өзара көмектің болмауы теріс нәтижелерге,жеңіліске алып келеді. Париж Олимпиадасы қарсаңында мұндай жағдайға мүлдем жол берілмеуі тиіс! Ұлттық Олимпиада Комитетіне түбегейлі өзгерістер керек. Осы ретте: 1. Париждегі Олимпиада алдындағы лицензиялық спорттық турнирлерге бай-бағыландардың өкілін емес, ауылдан шыққан, көкірегінде намысы бар патриот, кәсіби спортшыларды апару қажет.

2. Спорт саласындағы жемқорлық пен сыбайластық, таныс-тамырлықты түбімен жою керек. 3. Ұлттық Олимпиада Комитетінің басшылық құрамына ревизия жасап, оларды тек жас, Жаңа Қазақстан өкілдерімен жасақтау керек", - дейді Ермұрат Бапи. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
30 қазан 2023, 12:37
Қазақша жаңалықтар
©gov.kz Қазақстан Азия Пара ойындарын 11-орынмен аяқтады
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама