Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Александр Винокуров сот алдында жауап берді

Былтыр желтоқсан айында спортшыға келісіп жарысқа түсті деген айып тағылған еді.


Александр Винокуров. © Sudinfo.be
Александр Винокуров. © Sudinfo.be
13 наурызда қазақстандық велошабандоз, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ресейлік велошабандоз Александр Колобнев бельгиялық Льеж қаласының қылмыстық сотында жауап берді, - деп хабарлайды "Р-спорт" Sudinfo.be басылымына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айында спортшыларға келісіп жарысқа түсті деген айып тағылған еді. Қылмыстық істі қозғауға басты себеп - Винокуров Колобневке 2010 жылы Льеж - Бастонь - Льеж жарысында 150 мың еуро беріп, өзінен қалуын талап еткен. Екі шабандоз да мұны жоққа шығарып отыр. Егер сот Винокуров пен Колобневті кінәлі деп тапқан жағдайда, олар үш жылға бас бостандығынан айырылып, 350 мың еуро айыппұл төлейді.

Бұл жолы сот отырысында Колобнев пен Винокуров отырысты басқа күнге ауыстыруды сұрады. Сот олардың өтінішін қанағаттандырды. Келесі сот отырысы 19 маусымда өтетін болды.

"Бұл жерде талқылайтын ештеңе де жоқ. Бельгияда сот тыңдалымы тағайындалды. Бұл мәліметті белгиялық сот таратқан да шығар. Сол себепті де Қазақстанда дау-дамай болатындай ештеңе көріп тұрғаным жоқ (...)", - деген еді осыған дейін Винокуров Vesti.kz порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Александр Винокуров мансап жолын 2012 жылы аяқтады. Қазіргі уақытта ол "Астана" велокомандасының бас менеджері. Ал Александр Колобнев 017 жылы қаңтарда спорттық мансабын аяқтағаны туралы жариялаған еді.
  Пікір: 0
  0