auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Шөгеннен республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Шөгеннен республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды
© Kazpolo.кz
Алматы облысының Талғар ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан шөген федерациясының ұйымдастыруымен республикалық турнир өз мәресіне жетті. 17-19 желтоқсан күндері "Әулиеата", Astana Polo Club, Almaty Polo Club, Almaty Horse & Polo Club және осы турнирде бірінші рет өнер көрсеткен Tu’lpar Polo Club командалары жарыстың жүлделерін сарапқа салды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Қазақстан шөген федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Әр команда айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен 3 чакерден ойнап шықты.



17 желтоқсанда алғашқы ойында Almaty Polo Club командасы Tulpar Polo Club 6:2 есебімен жеңді. Astana Polo Club тартысты кездесуде Almaty Horse & Polo Club командасынан 3:1 нәтижесімен басым түсті. Almaty Polo Club пен "Әулиеата" шөген клубы арасында әсерлі ойын өтті. Almaty Polo Club 3:2 есебімен "Әулиеата" шөген клубын басып озды. Ал, соңғы матчта Астаналық Astana Polo Club Tulpar Polo Club құрамасын 2:0 есебімен жеңіске жетті.



18 желтоқсанда іріктеу ойындарының екінші күні додаға бірінші болып Almaty Horse & Polo Club пен Almaty Polo Club құрамалары тартысқа түсті. Есеп 0:5 нәтижесімен Almaty Polo Club жеңіске жетті. Astana Polo Club пен Әулиеата шөген клубы екінші ойында кездесіп, 3: 2 Astana Polo Club пайдасына шешілді. Tulpar Polo Club пен Almaty Horse & Polo Club құрамалар арасындағы тартыс 2:1 есеппен аяқталды.



19 желтоқсанда өткен ақтық ойында "Әулиеата" шөген клубы Almaty horse & Polo Club командасымен кездесті. «Әулиеата» клубының ойыншысы Нұрдаулет Момынов дүбірлі додада 3 гол салып шебер ойынына тәнті етті. Қызу ойында «Әулиеата» шөген клубының ойыншылары мен қатар поло-пони де өз үлесін қосып, қарсылас командаға "пони-гол" салды. Жалпы есеппен 6:1 "Әулиеата" шөген клубы жеңді.



Қызу тартыста Almaty Polo Club қарсыласы Astana Polo Club -ты 3:2 есебімен басып озды. Есеп 3 чаккерге дейін 2:2 ұпайымен теңесіп тұрды. Төреші қосымша тағы бір чаккер қосты. Ойынның соңғы минуттарында Кемел Мамедов қарсылас шөгеншілер қақпасының кілтін тауып шешуші гол соқты.



"Әулиеата" шөген клубы үшінші ойынында Tulpar Polo Club-пен кездесіп, 6:1 есебімен өз қарсыласынан басым түсті.



Осылайша, командалар келесі орындарға ие болды: 1 орын - Almaty Polo Club; 2 орын - Astana Polo Club; 3 орын - "Әулиеата" шөген клубы.





Қазақстан шөген федерациясы 2012 жылы құрылды. 2014 жылы Халықаралық федерацияға мүше болды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстан құрамасы және бірнеше отандық клуб шетелде, соның ішінде аталмыш спорт түрінде көш бастап тұрған Аргентина елінде тұрақты түрде жаттығу жиындарын өткізіп, халықаралық турнирлерде жүлде алуда.

Шөген спортын Қазақстанда кеңінен дамыту мақсатында 2017 жылы федерация балаларға тегін шөген секциясын ашты. "Ақбұлақ" спорттық сауықтыру кешені аймағындағы ат спорты кешенінде өткізілетін жаттығуларға 9-15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады. Шөгеннің қыр-сырын еліміздің білікті бапкерлері үйретеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама