auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан спорттық держава ретінде әлемге танылды - Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан спорттық держава ретінде әлемге танылды -  Қасым-Жомарт Тоқаев
Астанада өтетін Гранд финал турнирі қарсаңында ҚР Парламент Сенатының төрағасы, Үстел теннисі федерациясының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев неліктен әлемдік дәрежедегі сайыс ТМД мемлекеттерінің ішінде бірінші болып Қазақстанда өткізілгелі жатқанын айтып бердІ.

- Қасым-Жомарт Кемелұлы, алда үстел теннисінен Астанада өтетін әлемдік деңгейдегі Гранд Финал сайысы келе жатыр. Қазақстан тарапының айтулы доданы өткізуде дайындығы қалай?

- Аталған деңгейдегі турнирді өткізу - Қазақстанның үстел теннисі федерациясы үшін үлкен жетістік. Қазақстан тек қана спортшыларымен ғана емес, ірі халықаралық сайыстарды өткізуге қауқарлы спорттық держава ретінде танылған мемлекет. Тәуелсіздік алғалы бері біздің елде әртүрлі спорт түрлері бойынша әлемдік деңгейдегі сайыстар ұйымдастырылған. Ендігі кезекте үстел теннисінің әлемдік картасында Астана да ойып тұрып орын алады. Қазақстанның үстел теннисі федерациясына үлкен жауапкершілік артылып отырғанын ұмытпаған абзал. Біз мұны өте жақсы түсініп отырмыз. Федерация турнирді өткізу бойынша өте ауқымды жұмыстарды атқарды. Гранд Финалдың сәтті нәтижесіне үміттене отырып, бұл шара халықаралық БАҚ-та кеңінен жарияланар деген сенімдеміз. Сонымен қатар, қазақстандық шеберлер үшін бұл әлемдік деңгейдегі спортшылардан тәлім алуға керемет мүмкіндік болып отыр.

- Бірнеше жыл бойы қазақстандық спортшылар әлемдік дәрежедегі үстел теннисінің саңлақтарымен жүзбе-жүз көрісіп, ойынын тамашалауға мүмкіндік алды. Ал аталған спорт түрінің Қазақстанда дамуы қай деңгейде?

- Үстел теннисі әлемдегі бұқаралық тұрғыдан ең ауқымды әрі қолжетімді спорт түрі. Қазақстанда жүйелі түрде үстел теннисін ойнап жүргендердің саны 150 мың адамға жетеді. Қазіргі таңда кәсіби түрде 5 мың спортшы үстел теннисін ойнаса, оларды 200-ге жуық жаттықтырушы баптап жатыр. Бүгінгі таңда біз әлемдегі ең мықты деген Қытай немесе Жапония секілді мықты мемлекеттердің жетекші спортшыларымен бәсекеге түсеміз деп мақтана алмаймыз. Бірақ, біздің спортшылардың үздіктермен иық тірестіріп, тәжірибе алу арқылы топ жаруға толық мүмкіндігі бар.

- Федерация мен спортшылар өздерінің алдына қандай мақсат қойып отыр?

- Федерация алдында еліміздегі бұқаралық спортты дамыту міндеті тұр. Біз ең алдымен балалар мен жасөспірімдердің жайына назар аударамыз. Себебі, бұл спорт өзгелердей жас буынды салауатты өмір салтын сақтауға шақырады. Бүкіл өңірлерде осы спорт түрін дамыту - негізгі міндеттердің бірі. Федерация қазіргі таңда Қазақстанның үстел теннисі бойынша ұлттық құрамасын жасақтаумен айналысуда. Жаттығу процесін ұйымдастыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылып келеді. Ұлттық құрамаға қарағандылық белгілі жаттықтырушы Э.Әлиева жетекшілік ететін болды. Біз спортшыларды шеберлігін шыңдап, еңбекпен бірге бәсекеге қабілетті деңгейге көтерілуге шақырамыз. Федерация жүйелі түрде жұмысты жүргізетін болса алынбайтын асу жоқ. Кадрлық қамту тұрғысынан құраманы өңірлердің спортшылары толықтырып жатыр.

- Сіз өз сөзіңізде өңірлерде аталған спорт түрін дамытуға баса ден қойылып отырғанын атап өттіңіз. Бұл бағытта нақты қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

- Күнделікті тәртіпте спортты дамытуға баса маңыз беріп отырмыз. Барлық өңірлерде үстел теннисімен айналысуға болатындай жайлы жағдай жасалуы тиіс. Биылғы жылы Федерация облыстық филиалдардағы жаттығу залдарының хал-ахуалын тексеріп қайтты. Онда Федерация ең алдымен құрылғылардың жаңаруына ден қойды. Сондықтан, біз 100 кәсіби үстел мен 500 бөлуші тор сатып алып, таратып бердік. Құраманың негізгі жаттығу базасы болумен бірге, республикалық бұқаралық шараларды өткізетін Алматыдағы спорт залда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылғылар жаңартылғаннан кейін балалар үйі мен мектеп-интернаттарының балалары арасында «Пинг-понг ханшайымы» атты үстел теннисінен республикалық сайыс ұйымдастырылды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 60 оқушы қатысты. Сонымен қатар, біз кәсіби жаттықтырушы кадрлардың болуына ерекше назар аударамыз. Федерация қазіргі таңда жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру міндетін өзіне алып отыр. Бұл - біздің бірінші қадам. 14 желтоқсан күні Астана әлемдік үстел теннисінің орталығына айналады. Сол себепті, астаналықтар мен барлық меймандарды осынау айтулы шараға шақырғым келеді. Біздің спортшы К.Герасименко үшін жанкүйер болайық.

- Кез келген спорттың дамуы адамның көптеп келуіне байланысты танымал болады. Ел ішінде үстел теннисін танымал ете түсу бойынша сөйлессек. Бұл жұмысты қалай шешуге болады деп ойлайсыз?

- Үстел теннисі - қымбат экипировканы қажет етпейтін әлемдегі ең қолжетімді спорт түрлерінің бірі. Аталған спортты танымал ете түсе отырып, біз денсаулығы мықты ұлтты қалыптастырамыз, салауатты өмір салтын насихаттаймыз. Астанада Гранд Финалдың өтуі Қазақстандағы үстел теннисін дамытуға үлкен серпін беретініне сенімім кәміл.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама