auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Сетанта Қазақстан" арнасы NHL және NBA ойындарын көрермендеріне қазақ тілінде ұсынады

"Сетанта Қазақстан" арнасы NHL және NBA ойындарын көрермендеріне қазақ тілінде ұсынады
Massaget.kz
Еліміздегі "Сетанта Қазақстан" спорттық арнасы жаңа маусымда көрермендерін тың жобаларымен қуантпақ. Бүгін телеарна өкілдері тілшілермен кездесіп, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Қазақстанға арнайы келген "Setanta Sports Eurasia" жобасының негізін қалаушы Дуайр МакКохли арнаның алдағы жұмыс жоспарымен таныстырып, тілшілер сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ "Қайрат" футбол клубымен келісім жасауға келгенін де тілге тиек ете кетті.

- Біз 25 жылдан бері жұмыс жасап келеміз. Осы уақыт аралығында Оңтүстік Америкадан өзге құрлықтардың барлығында арна қызметін дамыттық. Әлемдегі ең үздік спорттық шаралардың көрермендерге тікелей эфирде ұсынып келеміз.

Қазақстанда үш арна бойынша жұмыс жасаудамыз. Олардың барлығы тәулік бойы хабар таратады. Жақында Ұлттық хоккей лигасы (NHL) басталады. Біз оны тікелей эфирде ұсынатын боламыз. Одан өзге Қазақстанда алғаш рет АҚШ-тың Жоғарғы баскетбол лигасы (NBA) тікелей эфирде ұсынылмақ. Сондай-ақ қайталау ойындары мен бағдарламалар да болады. Ал эфир қазақ тілінде жүргізіледі, - деді Дуайр МакКохли.



Айта кетейік, қазіргі таңда "Сетанта Қазақстан" арнасы әлемдік деңгейдегі бокс жекпе-жектерін көп көрсете бермейді. Дуайр МакКохлидің айтуы бойынша, алдағы уақытта бокс көрсетілімдерін де көрермендеріне ұсыну жоспарларында бар екен. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айта кетті.

- Мен өзім Ирландиядан боламын. Біздің ел Қазақстан секілді әлемдегі жауынгер халықтардың қатарына кіреді. Біз сіздердің боксшыларыңызды сыйлаймыз. Геннадий Головкиннің жанкүйеріміз. Біз боксты, UFC жекпе-жектерін жақсы көреміз. Қазақстанда чемпиондық атаққа қол жеткізген талай боксшылар барында білеміз. Сондықтан бокс жекпе-жектерін көрсету үшін түрлі жолдарды қарастырудамыз. Алдағы уақытта Головкиннің, өзге де боксшылардың жекпе-жегін көрсетуіміз бек мүмкін, - деді.

"Сетанта Қазақстан" арнасы алдағы Жанат Жақиянов пен Райан Барнетт арасындағы жекпе-жекті де тікелей эфирде көрермендер назарына ұсынуы мүмкін.

- Иә, мұны сіздер де күтіп жүрген екенсіздер? Бұл Белфаст үшін үлкен оқиға. Бұл жекпе-жекті тікелей эфирде көрсету үшін күш саламын. Барнеттің командасымен тығыз байланыстамыз. Біз Райанның фанатымыз. Сондықтан да бұл жекпе-жекті көрсетуга жол табылады деп ойлаймын. Керемет жекпе-жек болмақ. Асыға күтудемін. Мықтысы жеңіске жетсін, - деді Дуайр МакКохли.

Сонымен бірге, телеарна киберспортты дамытуға да үлкен көңіл бөлуде. 2017 жылдың қазанында «Сетанта Қазақстан»  арнасы «FIFA 18» футбол ойын симуляторы аясындағы тұрақты кәсіпқой лиганы іске қосқалы отыр. Сайыстардың трансляциясы кәсіпқой спорт комментаторларының қатысуымен өтеді. Лигаға Қазақстанның ең үлкен 16 қаласынан ойыншылар қатысып, олар бүкіл маусым бойы республика чемпионы атану үшін бәсекеге түседі, ал жеңімпаздар кейін халықаралық ресми жарыстарда Қазақстан атынан қатысуға мүмкіндік алмақ.

Айта кетейік, бүгін "Сетанта Қазақстан" арнасы мен «Forbes Kazakhstan» іскерлік журналы Алматыда «Forbes Golf Cup 2017» гольф жарысын ұйымдастырды. Бұл жарысқа қатысқандардың жарналары мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спортты дамыту үшін «Дара» қайырымдылық қорына табысталатын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама