auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

24 жүлде жеңіп алған Қазақстан каратеден АЧ-де екінші болды

24 жүлде жеңіп алған Қазақстан каратеден АЧ-де екінші болды
©СДР

Алматы қаласындағы WKF каратеден жасөспірімдер мен жастар арасындағы XXI Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа барлығы 30-ға жуық елден 600 татами шебері жиналды, – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 8 алтын, 5 күміс және 11 қола медальмен жалпы есепте екінші орынға ие болды. Жапония каратэшілері 14 алтын, 5 күміс, 4 қола медальмен көш бастады. Ал үздік үштікті Иран (5 алтын, 6 күміс, 11 қола) түйіндеді.

 

Соңғы жарыс күні кумите бағдарламасында Диас Анарбеков (84 келіден жоғары), Биғабыл Жоламан (55 кг), Ақниет Шеризат (50 кг) пен Белла Шамашева (55 кг) əнұранымызды шырқатты. Сондай-ақ Асқар Сапарғалиев (87 кг) пен Даяна Даренская (68 кг) финалда қарсыласқа есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі. Ал Никита Тарнакин (84 кг), Николь Ценгель (61 кг) және Венера Жақсыбаева (68 келіден жоғары) қолаға қол жеткізді.

 

XXI құрлықтық біріншіліктің жеңімпазы Бэлла Самашева жарыстан кейінгі әсерімен бөлісіп, қарсыластарына тоқталып кетті.

 

"Азия чемпионаты өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қарсыластарым осал болған жоқ. Финалда Таиланд өкілін жеңдім. Өте қуаныштымын. Бұнымен тоқтамаймын. Алда әлі көптеген маңызды жарыстар күтіп тұр. Барша қолдаған жандарға мың алғыс!", - деді Белла Самашева.

Айта кетейік, бүгін ересектер арасында 1-ші ашық Азия чемпионаты басталады. Аталмыш турнир 10 қарашада аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
3 қазан 2021, 13:41
Карате
©olympic.kz Төрт отандасымыз финалда

Жарнама

Жарнама