Қанат Исламның жаттығуынан фотобаян
14
Қанат "QAZAQ" Ислам өзінің 24 жекпе-жегіне қызу дайындалуда. Боксшымыз АҚШ, Флорида штатында орналасқан Нелсон Лопездің жаттығу базасында күнделікті екі мезгіл жаттығу жасайды. Күн сайын таңғы 6:00-де Окичоби көлінің жағалауымен 20 шақырым жүгіріп, жаттықтырушымен бірге техникалық мүмкіндіктерді арттыруда. Пахокеде ауа райы өте керемет. Таза ауа. Боксшылардың дұрыс жаттығуына бар жағдай жасалған. QAZAQ келесі жекпе-жегіне сақадай сай. Жақын күндері жекпе-жектің баспасөз маслихаты өтеді. Сондай-ақ Қанат Исламның жергілікті БАҚ өкілдері мен жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізуі жоспарлануда. Жекпе-жекті 27 мамырда "Қазақстан" ұлттық арнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Жарнама