Спорт | Қызықтылар | Vesti.kz |
Жарнама
"Истанбул Башакшехир" ресми сайтында Месут Озилмен келісімшартқа отырғанын хабарлады.
Бұған дейін "Фенербахчеде" доп тепкен жартылай қорғаушы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылды. Тараптар "1+1" жүйесі бойынша келісімшарт жасасты.
Өткен маусымда Озил "Фенербахче" сапында 26 матчқа қатысып, тоғыз гол соқты, екі нәтижелі пас берді. Жартылай қорғаушы өзінің мансабында "Шальке 04", "Арсенал", "Реал Мадрид" секілді клубтардың намысын қорғаған.
Еске салайық, 2021 жылдың 24 қаңтарында "Арсенал" Озилдің "Фенербахчеге" ауысқанын хабарлаған болатын.
Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар
@vestisport @vestikzsportVesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport
Жарнама
Загрузка матч-центра...
Жарнама
Жарнама
Жарнама
По вопросам размещения рекламы:
Жарнама