auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан командасының Олимпиадасында киетін киім үлгісіне жаңа конкурс жарияланды

Қазақстан командасының Олимпиадасында киетін киім үлгісіне жаңа конкурс жарияланды
©Reuters

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" Париждегі жазғы Олимпиадаға арналған Қазақстан Ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурс қайтадан жарияланғанын хабарлайды.

Осыған дейінгі ақпан айында басталған Қазақстан Ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурста қатысушылардың ешбір эскизі комиссия мүшелерінің көңілінен шықпауына байланысты Комиссия 1-ші конкурсты өтпеді деп шешім шығарды.

Киімдер ту ұстаушылар, салтанатты рәсім мен жаттығуға арналған жұптан тұрады. Конкурс кезінде келіп түскен жұмыстарды арнайы комиссия құрамы қарап, ортақ шешім қабылдайды. Жұмыс тобының қатарына Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, даңқты спортшыларымыз бен БАҚ қызметкерлері кіреді. Бұл қатарда Елдос Сметов, Серік Сапиев, Азамат Дәулетбеков, Жәмилә Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Абужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсынов атап өтуге болады. Комиссия төрағасы – Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерлан Естек.

Конкурс екі кезеңге созылады және әрбір кезең жеңімпазы Ереже шарттарына сәйкес Комиссия отырысында анықталады.

Конкурс кезеңдері:

I кезеңде комиссия конкурсқа қатысушылар өтініштерін, материалдарын қабылдап, қарайды (2024 жылғы 10 сәуір 20:00-ден 15 сәуір сағат 18:30 дейін).

ІІ кезеңде конкурс жеңімпаздары анықталып, жарияланады (2024 жылғы 16-17 сәуір аралығы).

Конкурсқа қатысушыларға түсіндіру жұмысына және жалпы конкурс өткізуге ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті Спортты дамыту дирекциясының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Ержан Асқаров жауапты.

Конкурстің ережесін, бұйрық пен комиссия құрамы мен ҰОК командасының киім формасына қатысты бірыңғай нұсқаулығын мына жерден көруге болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама