auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Криштиану Роналду ХХІ ғасыр футболындағы әлем рекордын жасады

Криштиану Роналду ХХІ ғасыр футболындағы әлем рекордын жасады
Сурет: championat.com

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты. Ол ХХІ ғасырда мыңнан астам матч ойнаған жалғыз футболшы болды. Бұл туралы Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) хабарлады. Жалпы алғанда Роналду 1047 рет алаңға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рейтингтің екінші орнында "Реал Мадрид" пен Испания құрамасының экс-қақпашысы Икер Касильяс тұр. Қақпашы ХХІ ғасырда 974 кездесуде ойнады, бірақ ол ХХ ғасырда тағы 74 матч өткізген. Барлық матчті есептесек, Касильяс Роналдудан (1048) бір рет қана алаңға артық шыққан.

 
IFFHS рейтингінде үшінші орында - Сан-Паулу қорғаушысы Дани Альвес. Ол барлық матчін XXI ғасырда өткізген, барлығы - 969.

Төртінші-оныншы орындарда:

Хави (937 матч және XX ғасырдағы 80 матч),
Ясухито Эндо (909 және 84 матч),
Златан Ибрагимович (907 және 9 матч),
Рожерио Сени (904 және 310 матч),
Лионель Месси (902 матч),
Джанлуиджи Буффон (852 және 212 матч),
Хавьер Занетти (717 және 383 матч).

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама