Словакияның футбол құрамасының қорғаушысы Мартин Шкртел Тайланд королінің кубогы үшін осы елдің командасымен өткен ақтық ойында есінен танып қалды.
Ойын кезінде 33 жастағы футболшының басына доп тиіп, ол есінен танып қалды. Футболшының команадаластары бірден Шкетлердің қасына барып, тілін жұтып қоймас үшін амал істеді.
Көрсетілген көмектен кейін футболшы есін жиды. Ол ойынның 73 минутында ауысты.
Ойын словактардың жеңісімен аяқталды (есеп 3:2).
Жарнама