auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Фенербахче" футболшылары мен "Трабзонспор" жанкүйерлері алаңда төбелесті

"Фенербахче" футболшылары мен "Трабзонспор" жанкүйерлері алаңда төбелесті
©Sports.ru

Футболдан Түркия чемпионатындағы "Трабзонспор" мен "Фенербахче" командалары арасындағы ойын даумен аяқталды. Алаңда жанкүйерлер мен қонақ команда футболшылары қақтығысып, соңы жаппай төбелеске ұласты. 

Ойында 2:3 есебімен "Фенербахче" командасы жеңіске жетті. Жеңісін айрықша тойлаған қонақ команда ойыншыларының қылығы жергілікті жанкүйерлерге ұнамай қалған. Бірнеше жанкүйер алаңға шығып қарсылық көрсеткісі келгенде футболшылар оларды соққыға жыққан. Мұны көрген өзге жанкүйерлер алаңға жұдырық ала жүгірген. Алаңдағы келеңсіздікті тәртіп сақшылары әрең тоқтатып, кей жанкүйерлерді тұтқындаған. 

Бұл оқиғаға қатысты Түркия Ішкі істер министрлігі тергеу жүргізуді бастап кеткен. Олар алаңға шыққан жанкүйерлерді анықтауда. 

Айта кетейік, кейінгі уақытта Түркия футболында дау-жанжал көбейді. 15-турдағы "Анкарагюджю" мен "Ризеспор" матчынан кейін бас төреші Халил Умут Мелер соққыға жығылған болатын.  Бұл оқиға қоғамда дүмпу тудырып, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен FIFA президенті Джанни Инфантино мұндай бассыздыққа жол берілмеуі жайлы пікір білдірді. 

 

Одан кейін "Истанбулспор" мен "Трабзонспор" ойыны да соңына дейін жетпеді. Бас төрешінің шешіміне наразы болған "Инстанбулспор" командасының президенті командасын соңына дейін ойнатпай, алаңнан алып кеткен болатын. 

Екінші лигадағы "Бурсаспор" және "Диярбакырспор" арасындағы матчта да ойыншылар жаға жыртысып, 5 бірдей футболшы алаңнан қуылды. Жанкүйерлер де наразылық ретінде алаңға заттар лақтырған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама