Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Евгений Постников команда сапынан кетті, - деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.
"Астананың" қорғаушысы жарақатына байланысты УЕФА Ұлттар Лигасының қараша айында өтетін Латвия мен Грузия ойындарына қатыса алмайды.
Еске салайық, 12 қараша Астанада Ұлттар лигасының қарашадағы ойындарына байланысты Қазақстан Ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынындары басталған болатын.
15 қарашада Станимир Стойловтың командасы Латвия құрамасын өз алаңында қабылдайды, ал төрт күннен кейін Грузияға қонаққа барады.
Жарнама