Мадридтік "Атлетико" форварды Антуан Гризманн Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің тарихындағы 8 000-шы голдың авторы атанды, - делінген УЕФА сайтында.
"Атлетико" топтық кезеңінің екінші турында "Брюггені" 3:1 есебімен ұтты. Бұл ойында Гризманн дубль жасады. Шабуылшының екінші голы турнирдің негізгі кезеңі тарихындағы 8 000-шы голы болды (квалификациялық матчтерді есептемегенде).
Сонымен қатар, УЕФА-ның баспасөз қызметі ең алғашқы гол 26 жыл бұрын салынғанын хабарлап отыр. 1992 жылы 25 қарашада нигериялық Даниэль Амокачидің дәл соққысы "Бриггенің" мәскеулік ЦСКА-ны жалғыз голмен ұтуына себеп болды.
Жарнама