Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ұлттар лигасы Ұлы дала елінен басталады

Бүгін Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) су жаңа турнирі Ұлттар лигасының жалауы желбірейді.

Massaget.kz
0
41
6 қыркүйек 15:29
Бүгін Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) су жаңа турнирі Ұлттар лигасының жалауы желбірейді. Спортсүйер қауым асыға күткен доп додасының әнұраны алғаш рет қазақ жерінде шырқалып, алғашқы ысқырығы да қазақ жерінде шалынады. Бәлкім, алғашқы голын қазақ футболшылары соғып жатса, қанекей?!

Ұлттар лигасы Ұлы дала елінен басталады. Жоғарыда айта кеткеніміздей, алғашқы ойында бүгін Қазақстан мен Грузия құрамалары кездеседі. Ал жалпы осы турнир жобасының өзі 2014 жылы Астанада өткен УЕФА-ның XXXVIII-ші конгресінде қабылданған.

Жаңа турнирдің жай-жапсарын жанкүйер қауым жеткілікті деңгейде түсіне алмай жүрген жайы да бар. Тіпті футболшылардың өзі шатасып әлек. Жақында Mirror басылымына берген сұхбатында Англия құрамасының ойыншысы Гарри Магуайр жарыс жүйесін әрең ұққанын айтқан.

- Қатты шатасады екенсің. Жаттықтырушы бізге барынша түсіндірді. Дегенмен қалай болатынын әлі де толық түсінбегендер бар. Бізге бастысы - әр ойын сайын жеңіске жету маңызды, - деген футболшы.

Ұлттар лигасы қандай турнир?



Ұлттар лигасы – Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) қолға алған жаңа футбол додасы. Халықаралық футбол күнтізбесіне сәйкес, әр екі жыл сайын өтетін болады. Жарыстың мақсаты – ұлттық құрамалар деңгейінде футболдың өркендеуі мен ресми ойындардың санын арттыру. Бұл жарысқа УЕФА құрамына кіретін 55 елдің футбол қауымдастығының құрамалары қатысады. Олар осы ұйым рейтингі бойынша 4 дивизионға жіктелген. Жеребе бойынша 4 дивизионның өкілдері 3 не 4 құрамадан топтарға бөлініп үлгерді. "B", "C" және "D" дивизиондарында топ жарғандар бір саты жоғарылайды, ал "A", "B" және "C" дивизиондарында көш соңында қалғандар төменгі дивизионға түседі.

Бүгіннен бастап УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы ойындары басталады. 2019 жылдың маусым айында A дивизионындағы төрт топтың жеңімпаздары арасында плей-офф жүйесінде (жартылай финал және финал) финалдық дода өткізіледі. Жартылай финалдық жұптар жеребе тарту арқылы анықталады. Ал финалдың қай жерде өтетіндігін УЕФА Атқару комитеті шешеді. Осылай  Ұлттар лигасының чемпионы белгілі болады. Яғни, Ұлттар лигасының чемпионы "А" дивизионындағы құрамалар арасында анықталады.

УЕФА Ұлттар лигасында 2020 жылғы Еуропа чемпионатының төрт жолдамасы сарапқа салынады. Ал 20 жолдаманың иесі әдеттегідей іріктеу кезеңі бойынша белгілі болады. Төрт жолдама қалай сарапқа салынатыны жайлы төмендегі видеонұсқаулықтардан ұғынуға болады.





Видеонұсқаулықтан ұққанымыздай, Қазақстан құрамасы бақ сынайтын D дивизионының төрт тобында үздік шықандар 2020 жылдың наурыз айында өтетін плей-офф додасына қатысады. Мұнда 2020 жылғы Еуропа чемпионатының қосымша төрт жолдамасы сарапқа салынады. Оған 16 құрама қатысады. Бұл - Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына жолдама алуына берілетін зор мүмкіндіктің бірі десек те болады.

2020 жылғы Еуропа чемпионатының қосымша төрт жолдамасы сарапқа салынатын додаға әр дивизионан төрт құрама қатысуы керек. Егер қосымша жолдамалар сарапқа салынатын додаға қатысуы керек "А" дивизионындағы құрама "Еуро-2020" жолдамасына іріктеу кезінде қол жеткізіп алса, онда оның орнына бір саты төмен орналасқан құрама барады. Ал егер "А" (немесе В) дивизионындағы құрамалардың барлығы дерлік (немесе көбісі) "Еуро-2020" жолдамасын іріктеу ойындарында жеңіп алса, онда олардың орындарын келесі дивизиондағы құрамалар басады.

Жаңа жоба футболшылар мен клубтарға тиімді болмақ



Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары мен Ұлттар лигасының кездесулері халықаралық футбол күнтізбесіне сәйкес өтеді. УЕФА жаңа жобаны қабылдағанда футболшылардың өз клубтарында өткізетін матчтары мен ұлттық құрама сапындағы ойындарын да назарға алған. Жаңа турнир футболшыларға да салмақ түсірмеуі керек. Өйткені, енді олар жолдастық кездесулер үшін ұлттық құрама сапына жиі шақыртылмайды. Ұлттар лигасы аясында өздерімен деңгейлес командалармен кездеседі. Сондықтан футболшылар уақытының басым көпшілігін өз клубтарында өткізеді.

Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластары



Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі 24 қаңтар күні Лозаннада өтті. Қазақстан ұлттық құрамасы төртінші дивизионда D1 тобына түсті. Қарсыластары - Грузия, Латвия және Андорра.

"А" дивизионы

A1: Германия, Франция, Нидерланд
A2: Бельгия, Швейцария, Исландия
A3: Португалия, Италия, Польша
A4: Испания, Англия, Хорватия

"B" дивизионы

B1: Словакия, Украина, Чехия
B2: Ресей, Швеция, Түркия
B3: Австрия, Босния және Герцеговина, Солтүстік Ирландия
B4: Уэльс, Ирландия, Дания

"C" дивизионы

C1: Шотландия, Албания, Израиль
C2: Венгрия, Грекия, Финляндия, Эстония
C3: Словения, Норвегия, Болгария, Кипр
C4: Румыния, Сербия, Черногория, Литва

"D" дивизионы

D1: Грузия, Латвия, Қазақстан, Андорра
D2: Беларусь, Люксембург, Молдова, Сан-Марино
D3: Әзірбайжан, Фарер аралдары, Мальта, Косово
D4: Македония, Армения, Лихтенштейн, Гибралтар

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

Топтық кезеңдегі ойындар жыл соңына дейін аяқталады.

6 қыркүйек: Қазақстан - Грузия
10 қыркүйек: Андорра - Қазақстан
13 қазан: Латвия - Қазақстан
16 қазан: Қазақстан - Андорра
15 қараша: Қазақстан - Латвия
19 қараша: Грузия - Қазақстан

Стойловқа сенім артамыз



Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасын болгар маманы Станимир Стойлов жаттықтырады. Бұл маманның есімі қазақстандық футболсүйер қауымға танымал.

50 жастағы болгар маманы Станимир Стойлов  "Астана" футбол клубын 2014 жылдан бері жаттықтырып келді. Командамен алғашқы маусымда-ақ ел чемпионы атанды. Одан бергі аралықта ел футболы тарихында айтулы жетістіктерді бағындырды. Сондай-ақ өткен маусымда тұңғыш қазақстандық команда болып Еуропа лигасының 1/16 финалына дейін жетті.

Ұлттық құрама мен жаттықтырушы арасындағы келісімшарт мерзімі екі жылға жасалған. Жаттықтырушының алдына Ұлттар лигасында топтан шығу деген тапсырма қойылған. Стойлов бұл сенім үддесінен шығады деген сенімдеміз.

Болгар маманы ұлттық құраманы үш ойынға бастап шығып үлгерді. Жолдастық кездесуде Венгрия мен Әзірбайжан құрамаларын ұтып, Болгарияға соңғы минутта есе жіберіп алды.

Грузия - алғашқы қарсылас



Жоғарыдай айтқанымыздай, бүгін Астана уақытымен сағат 20:00-де Ұлттар лигасының алғашқы ойыны Қазақстан мен Грузия құрамаларының ойыны басталады. Жанкүйерлер бұл кездесуді тағатсыздана күтіп отырғаны анық. QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан мен Грузия құрамалары өзара 4 рет кездескен. Бір рет біздің құрама, бір ойында грузиндер жеңіске жеткен. Екі ойын тең аяқталған.

17.08.2005 Қазақстан 1:2 Грузия (2006 жылғы ӘЧ-на іріктеу);
08.10.2005 Грузия 0:0 Қазақстан (2006 жылғы ӘЧ-на іріктеу);
14.08.2013 Қазақстан 1:0 Грузия (Жолдастық кездесу);
29.03.2016 Грузия 1:1 Қазақстан (Жолдастық кездесу).

Грузия ұлттық құрамасын 2013-2015 жылдары "Қайрат" клубының тізгінін ұстаған Владимир Вайсс жаттықтырады. Біздің құрама ойыншыларының біразын бес саусақтай білетін маман. Сондай-ақ грузиндер сапында Қостанайдың "Тобыл" клубында ойнайтын футболшы Джава Канкава бар. Осыған дейінгі Қазақстан мен Грузия құрамалары арасындағы төрт ойынға да қатысқан тәжірибелі ойыншы.

Ұлттық құрамаға Ұлттар лигасында жеңіс тілейміз!



Massaget.kz, Tengrinews.kz және Vesti.kz сайттарының редакциялары Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсетеді!

Ұлттық құрамаға Ұлттар лигасында жеңіс тілейміз! Бірге қолдау көрсетейік! Қазіргі таңда ұлттық құраманы қолдау мақсатында әлеуметтік желілерде #АЛҒАҚАЗАҚСТАН #БІЗБІРГЕМІЗ #МЫВМЕСТЕ xэштегтерімен флешмоб басталды! Команданы қолдау шарасына сіз де қосылыңыз!

Ұлттық құраманы қолдау шарасына бірге қатысайық! Сурет пен видеоларыңызды #АЛҒАҚАЗАҚСТАН #БІЗБІРГЕМІЗ #МЫВМЕСТЕ xэштегтерімен жариялап, жүктесеңіздер болғаны. Толығырақ мына сілтемеде.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0
41
6 қыркүйек 15:29
Новости