auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Диего Марадона "Динамо" футбол клубының президенті болды

Диего Марадона "Динамо" футбол клубының президенті болды
© instagram.com/maradona
Әйгілі Диего Марадона "Динамо" (Брест) футбол клубының президенті болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады

"Келісімшартқа қол қойып, "Динамо" (Брест) ФК президенті болдым. Сенімдеріңізге рақмет", - деп жазды әйгілі футболшы. Клуб өкілдері Twitter желісіндегі ресми парақшасында аргентиналық маманның үш жылдық келісімшартқа қол қойғанын растады. 

13 мамырда екі тарап келісімшартқа байланысты келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланды. Ол кезде Марадоннаның қолында Кувейттен және Сауд Аравиясынан ұсыныстар болды. 

Осыған дейін аргентиналық маман БАӘ-дегі күші бойынша екінші дивизионда өнер көрсеттетін "Аль-Фуджайра" клубында жұмыс істеді. 2017/2018 маусымында клуб жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. 

Биылғы маусымда Беларусь чемпионатында "Динамо" клубы жалпы есепте сегізінші орында келе жатыр. Жеті ойынның қорытындысы бойынша олар 9 ұпайды иеленді. 

Диего Армандо Марадона - 1960 жылы 30 қазанда Аргентинада дүниеге келген.  Аргентина футболының тарихындағы қайталанбас ең зор футболшы болып табылады. 2008 жылы 17 қазан күні Аргентинаның бапкері Альфио Басиле орнын босатқан соң, бұған дейін де құраманы баптағысы келетінін бірнеше рет айтқан Марадоны тағы да өз ұсынысын жария етеді. Ол тіпті Аргентина футбол қауымдастығының президенті Хулио Грондонаға жолығады. Басқа кандидаттардың реті келмей, ақыры 4 қараша күні Марадона құраманың тізгінін ұстайды. Оның басқаруымен құрама тек соңғы сәтте ғана 2010 жылғы әлем чемпионатына жолдама алады. Әлем чемпионатында топтағы үш ойында, сосын 1/8 финалдағы Мексикамен матчта жеңіске жетіп, құрама 10 гол соғып, екі доп қана жібереді. Бірақ ширек финалда 0:4 есебімен ойсырай жеңіледі. Аргентина әлем ечмпионаттарында мұндай ірі есеппен 1974 жылдан бері жеңілмеп еді.

2010 жылы 11 тамызда Аргентина футбол федерациясының президенті Хулио Грондоно және аргентиналық көптеген футбол фанаттарының "құрамадағы жұмысты жалғастыра бер" деп өтінгеніне қарамастан, Марадона қайтадан Аргентинаға бапкер бола алмады.




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама