Израильдік "Бейтар" футбол клубы команданың атауына қазіргі АҚШ президенті Дональд Трамптың тегін берді, - деп хабарлайды
Deadspin.
Иерусалимде жаңа АҚШ елшілігінің ашылуына байланысты жергілікті "Бейтар" клубының басшылығы команданың атын америкалық көшбасшысының есімімен өзгертуді ұйғарған. Клубтың толық аты - "Бейтар Трамп Иерусалим". Клубтың Facebook желісіндегі ресми парақшасында америкалық президенттің қолдануына білдірілген ілтипат деп түсіндірген.
Иерусалимдық клуб - алты дүркін ел чемпионы. Бейтар жеті рет Израиль кубогының және екі рет суперкубок иегері атанған.
Жарнама