WBO Әлімханұлының әлем чемпионымен айқасына қатысты үзілді-кесілді талап қойды

©boxingscene.com

Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) орта салмақтағы титулды жекпе-жек бойынша келісімге келу үшін қосымша уақыт берілді. WBO промоутерлік сауда алдында осындай шешім шығарғанын ескертті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Андраде титулдан айқассыз бас тартатыны айтылған, алайда, WBO чемпионға белбеуін қорғауға мүмкіндік беріп тұр.

"Мүдделі тараптар арасындағы қазіргі талқылауды ескере отырып, WBО комитеті тараптарға келісімге келу үшін бес күн көлемінде соңғы мерзім белгілеп отыр. Уақыт осы хабарлама берілгеннен кейін есептеледі. 

Осылайша, Деметриус Андраде және Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жектің жұма, 2022 жылдың 28 қаңтары, 11:00 (AST) WBO штаб-пәтеріне белгіленген промоутерлік саудасы дереу шегеріледі.

Егер құжатта көрсетілген мерзімде келісім болмаса, WBO ұйымының әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жектер ережесіне сай промоутерлік сауда бойынша тексеріс өткізіледі. WBO комитеті титулды айқастар өткізуде ұйымның мақсаты, саясаты мен регламент талаптарына ыңғайлы деп есептеген шешімді шығару құқын сақтап қалады", - деп хабарлайды WBO. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар