WBC жаңа рейтингінде Елеусінов үш саты төмендеді

©boxingscene.com

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Жаңа рейтингте жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов үш саты жоғалтып, 22-орынға жайғасты.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Жан Кособуцкий 12-орында тұр.

Бірінші ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев 36-орыннан 34-орынға көтерілсе, Серік Мұсаділов рейтингке 40-орынға шықты. Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов сәйкесінше 19 және 20-қатарға жайғасқан. 

Орта салмақтағы рейтингте Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші сатыға жайғасса, бірінші орта салмақтағы Садриддин Ахмедов 28-қатарға ығысты.

Жартылай орта салмақтағы тағы бір боксшы Талғат Шайкен 33-сатыда тұр. Ал бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев 25-орыннан көрінді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport