WBA рейтингінде топ-15 тізімдегі қазақ нокаутшы рингке келесі айда шығады

27 қыркүйек 2021 10:34
©instagram.com/serikmussadilov/

Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасатын 27 жастағы қазақ боксшы Серік Мұсаділов (10-0, 9 КО) рингке қараша айында оралады, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, ол 20 қараша Майамиде жекпе-жекке шығады, қарсылас әзірге белгісіз.

Серік осы қалада 24 қыркүйекте жұдырықтасу керек болатын. Алайда бұл айқасқа қарсылас атанған 39 жастағы америкалық Шон Миллер (18-6-1, 7 КО) жарақат алып қалды.

Кейінгі рет "Панда" лақап атты қазақстандық боксшы 9 шілде осы Майамиде жұдырықтасып, 30 жастағы америкалық Ламонт Каперсті (11-15-5, 2 КО) төрешілер шешімімен жеңді. Бұл қазақ боксшының нокауттан аман қалған бірінші қарсылсы болды.

Қазіргі таңда Мұсаділов WBA рейтингінде 12-ші орында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар