Видеоблогер Конор МакГрегормен жұдырықтасу үшін 50 миллион доллар ұсынды

15 желтоқсан 2020 14:52
Сурет: Head Topics

Америкада атақты видеоблогер Джейк Пол ирландиялық ММА файтері Конор МакГрегорге жекпе-жек өткізу үшін 50 миллион доллар кепілді гонорар ұсынды. 

Сонымен қоса, YouTube-блогер жекпе-жектің барлық шартын атады: бокс ережесі бойынша және үш минуттан сегіз раунд, 84 келі салмақта, ал қолғаптар он унцийдан болу қажет. Жекпе-жек келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 180 күн ішінде өтуі тиіс.

Жаңалықтар