Усиктің менеджері украиналықтың Тайсон Фьюримен қашан кездесетінін айтты

©Twitter

Александр Усиктің (20-0, 13 КО) менеджері Эгис Климас украиналық былғары қолғап шеберінің Тайсон Фьюримен қашан қолғап түйістіретінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


"Тайсон Фьюри 3 желтоқсанда рингке шығуды жоспарлап отыр. Егер оған дейін Усик жарақат алып қалмаса, сол кезде дайын болады. Себебі алдын ала 100 пайыз сеніммен шығады деп айту қиын. Кез-келген уақытта, тіпті жатығу кезінде де жарақаттар болуы мүмкін", - дейді Климас talkSPORT сайтына берген сұхбатында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport