Усик мансабын аяқтай ма?

22 қыркүйек 2022 15:32
©instagram.com/usykaa

Украиналық боксшы, WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик спорттық мансабының аяқталуы мүмкін екенін айтты. Ол кәсіби рингте 20 кездесу өткізіп, 20 жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтады, оның ішінде 13 нокаут тіркелді. 

Ол тамыздың соңында ұлыбританиялық Энтони Джошуаны төрешілердің бөлек шешімі бойынша жеңді.  

"Көреміз. Бос сөйлегім келмейді. Маған басқа дүние әзірге қызықсыз. Әлі Фьюримен, болмаса Уайлдермен жұдырықтасуға болады. Мен басқа нұсқа көріп тұрған жоқпын. Неге мен бұлай дедім? Себебі менің жаттығу лагерімде өткізетін жұмысым өте ауыр. Психологиялық, физикалық. Мен отбасымды жарты жылдап көрмейтін кездерім болады.

Осындай ауыр жұмысты тек рингке шығып жұдырықтасу үшін ғана істеу... Шынымды айтсам, қазір оған ниетім қалмады. Мансабымда рингке неше рет шықтым? Феникс сияқты жанып, қайта тіріле бергім келмейді. Бір-екі ірі жекпе-жек өткізсем, жолымды басқа бағытқа бұрамын", - деді Усик BBC Sport-қа берген сұқбатында. Бұл сұқбат туралы Sport24 сайты ақпарат бөлісті. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Усик келесі кездесуін тағы бір ұлыбританиялық Тайсон Фьюримен 2023 жылдың ақпанында өткізуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар