Усик көлеңкеде қалады. Промоутер суперауыр салмақтың жаңа чемпионын тапқанын мәлімдеді

17 қыркүйек 2021 09:30
©EURO.com.ua

Германиялық промоутер Эрол Чейлан ісін өзі жүргізетін украиналық Виктор Выхрист (7-0, 5 КО) суперауыр салмақтағы жаңа жұлдыз екеніне сенімді, деп хабарлайды Fightnews.info.

29 жастағы боксшы 9 қазан Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) - Деонтей Уайлдер (42-1-1, 41 КО) кардында жұдырықтасып, көпшілік алдында өз өнерін паш етуге мүмкіндік алды. 

Әзірге Выхрист аты шықпаған америкалық Майк Маршаллмен (6-1-1, 4 КО) жұдырықтасады. Дегенмен промоутер болашақта Виктор чемпиондық титул жеңіп алып, бұрынғы абсолют чемпион Александр Усиктің (18-0, 13 КО) жетістігінен асып түседі деген сенімде.

Айта кетейік, Усик 25 қарашада WBA, WBO және IBF чемпионы Энтони Джошуамен (24-1, 22 КО) жекпе-жекке шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: