Үш нокаут. Қазақстандық боксшылардың Азия чемпионатындағы нәтижелері

©kfb

Жастар мен жасөспірімдер арасында жеті қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Олардың арасында Алмат Әбдуәли, Ислам Советов, Егор Егоров, Дәулет Төлемісов, Сұлтанбек Айбарұлы, Темірлан Мұқатаев және Ердос Шәріпбек бар.

Егоров, Мұқатаев және Шәріпбектер жекпе-жектерін техникалық нокаутпен жеңгенін айта кеткен жөн. Ал Өзбекстанмен болған екі айқаста отандастарымыз жеңіліс тапты.

Сонымен қатар, төрт отандасымыз жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп, турнирдің қола жүлдесін иеленді.

51 келіге дейін

Алмат Әбдуәли (Қазақстан) - Хайдер Анвер Жасим (Ирак) - 5:0.

57 келіге дейін

Бақтияр Анарбаев (Қазақстан) - Бахтиер Асадов (Өзбекстан) - 0:5.

60 келіге дейін

Акбар Бисарев (Қазақстан) - Алмаз Орозбеков (Қырғызстан) - 0:5.

63,5 келіге дейін

Мадияр Тайпақов (Қазақстан) - Джавохир Умматалиев (Өзбекстан) - 0:5.

67 келіге дейін

Ислам Советов (Қазақстан) - Махди Ахматбоули (Иордания) - 5:0.

71 келіге дейін

Егор Егоров (Қазақстан) - Юсуф Фозилов (Тәжікстан) – үшінші раундта RSC.

75 келіге дейін

Дәулет Төлемісов (Қазақстан) - Дипак (Үндістан) - 4:1.

80 келіге дейін

Сұлтанбек Айбарұлы (Қазақстан) - Рази Алхисат (Иордания) - 5:0.

86 келіге дейін

Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) - Санжар Теңізбеков (Қырғызстан) – бірінші раундта RSC.

92 келіге дейін

Ердос Шәріпбек (Қазақстан) - Мохаммад Катут (Иордания) – бірінші раундта RSC.

92 келіден жоғары салмақта

Тимофей Поташов (Қазақстан) - Аман Сингх (Үндістан) - 0:4.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар