Үш белбеу. Головкин "суперчемпионмен" жекпе-жек туралы ресми хабарлады

©

Орта салмақта IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы дивизионда WBA "суперчемпионы" Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 29 желтоқсан Жапонияда өтеді.

"Жапониядағы Big Drama. 29 желтоқсан көрісеміз", - деп жазыпты GGG Instagram желісінде.

GGG үшін Жапониядағы бұл кездесуі DAZN платформасымен жаңа келісімшарт бойынша алғашқы жекпе-жек. Сонымен қоса, Головкин биылдыққа рингке де алғаш шығады. 

Айта кетейік, осыған дейін бұл айқас Токиодағы Saitama Super арнеасында өтетіні белгілі болған. Ал кездесу жергілікті уақытпен күндіз болады, өйткені оны кешкісін Амеркиада трансляциялайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: