"Ұрғаны ат тепкендей". Golden Boy "Канело" Альварестің орнын басатын боксшы тапты

Сурет: Fightnews.info
Жеңіл салмақта жұдырықтасатын америкалық Райан Гарсиа (20-0, 17 КО) Golden Boy Promotions компаниясының және Оскар Де Ла Хойя мен Сауль "Канело" Альварестен (53-1-2, 36 КО) кейінгі әлем боксының жұлдызы бола алады. Белгілі америкалық бапкер әрі сарапшы Тедди Атлас осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Гарсианы өзінің промоутері "Алтын жігіт" Де Ла Хойяға ұқсатам: Оскардың жас кезін еске түсіреді. Де Ла Хойя қыруар ақша тапты, бір жағы жақсы жұдырықтасқандықтан, бір жағы өтімді имиджі арқасында. Гарсия да арық, талдырмаш келген, болашақ кумирдің нақ үлгісі. Қыздар оны сүйеді. Өзі сымбатты, дұрыс сөйлейді. Оны да Оскарды сияқты танымал етуге болады. Жервонта Дэвиске керағар.

Golden Boy Promotions-те алтын жұмыртқа табатын тауығы бар - "Канело". Бірақ ол мәңгі емес. Оның орнын басатын адам керек, Райан осы орынға дәл келеді. Ол келесі "Алтын жігіт" және келесі "Канело" бола алады, өйткені латынамерикалық. Ол залдарды көрерменге толтыра алатын жігіт.

Әрине, ол әзірге мықты бір боксшымен жұдырықтаспады, әлі тексерілмеді, дегенмен, талантты екені көрініп тұр. Арық, әлі бұғанасы қатпаған. Алайда бізде мұндай боксшылар болды ғой - Сарате, Аргуэйо, Фостер, Томми Хернс. Бәрі шетінен мықты еді. Арықтарың әдетте ат тепкендей ұрады", - дейді Атлас The Fight бағдарламасының эфирінде.