"Үлкен сын". Сарапшы қазақстандық нокаутшының 17 нокауты бар "Арыстанмен" айқасы жайлы

©Universum Boxing

"Арыстан" лақап атты түркиялық Умут Чамкиранмен (18-0, 17 КО) жекпе-жек ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) үшін жақсы тексеріс болады. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында германиялық бокс шолушысы Лейф Хансман айтты.

Сарапшы екі нокаутшының айқасы ұмытпастай болады деген сенімде. 

"Екі боксшының да статистикасына қараңыздар. Чамкиран да, Кособуцкий да, барлық дерлік айқасын нокаутпен аяқтаған. Бұл нокаутшылар көрерменге ұнайды. Олардың жекпе-жегіне болжам жасау қиын, сондықтан да өте қызық болады. 

Меніңше, қазақстандық мықтырақ көрінеді, дегенмен, әркімнің өз пікірі ғой. Бұл жекпе-жек Кособуцкий үшін үлкен сын болмақ. Бұл Германия және Түркияда да көрермендерге ұнайтыны сөзсіз", - дейді Хансман. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар