Титулды жекпе-жекте жеңген тағы бір мексикалық "Канелоны" қуып жетті

© manoamano.us
Мексикалық Лео Санта Крус (37-1-1, 19 КО) екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA (Super) титулы үшін жекпе-жекте отандасы Мигель Флоресті (24-3, 12 КО) жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өткен 12 раундты жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер оны бірауыздан жеңді деп шешті. Бұл кештің басты жекпе-жегінде америкалық Деонтей Уайлдер (42-0-1, 41 КО) жетінші раундта кубалық Луис Ортисті (31-2, 26 КО) нокаутқа түсіріп, аса ауыр салмақта WBC белбеуін қорғап қалды. 

31 жастағы Крус үшін бұл карьерасындағы 37-ші жеңісі, ал 27 жастағы Флорес үшінші рет жеңілді. Екінші жартылай жеңіл салмаққа дейін Крус ең жеңіл дивизионда (IBF), екінші ең жеілде (WBC) және жартылай жеңіл салмақта (WBA) белбеулерін иеленген.



Осылайша, Крус - Сауль "Канело" Альварестен кейінгі осы айда төртінші дивизионды бағындарған Мексикалық екінші боксшы. 
Жаңалықтар