Титулдарын қорғайды. "Канелоның" бұрынғы қарсыласын жеңген қазақстандық нокаутшы келесі жекпе-жегін белгіледі

13 желтоқсан 2019 10:04
© lesoleil.com
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) келесі жекпе-жегі өтетін уақыт пен орны белгіленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.    

BoxRec мәліметінше, қазақтандық кәсіпқой боксшы рингке 25 қаңтар Монреальда қайта шығады. Қарсылас әзірге белгісіз.

Ал ертең, 14 желтоқсанда Жүкембаев Мәскеуде жанкүйерлерімен кездеседі. Бұл Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылған.

Қыркүйекте өткен соңғы жекпе-жегінде, Батыр әлемнің бұрынғы чемпионы, "Канелоның" қарсыласы болған мексикалық Мигель Васкесті (41-8, 15 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBA Continental және IBF Inter-Continental титулдарын иеленген.