Теофимо Лопес өзінің жеңісінен кейін Ломаченкодан кешірім сұрады

Сурет: Boxing News
Жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы Теофимо Лопес жекпе-жектен кейін Василий Ломаченконың бұрышына не үшін барғанын айтты. Америкалықтың сөзінше, ол украиналықтан кешірім сұраған. Боксшылар ұзақ уақыт қырғиқабақ жүрген, - деп хабарлайды "Чемпионат".

"Әкесіне жақындадым, алғыс білдірдім. Василий - мықты боксшы екенін айттым. Жекпе-жек үшін де рахмет дедім. Сосын Василийден кешірім сұрадым. Істі бітіруіміз керек болғанын айттым. Мен жеңгенімді сезіп тұрдым. Ол жай ғана күлді, өзінің ұяты білсін", - депті Лопес.