Суперауыр салмақ чемпионы Головкин мен Елеусіновтің промоутерін рингте сабап алмақ

Сурет: Sportbox
Суперауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) промоутер Эдди Хирнді рингте жұдырықтасуға шақырды, - деп хабарлайды ToFight.ru.

40 жастағы Хирн суперауыр дивизионда Фьюриге қарсылас атанып жүрген WBA (Super), WBO, IBF және IBO титулдарына ие Энтони Джошуа (23-1, 21 КО) мен Диллиан Уайттың (27-1, 18 КО) промоутері. 

Хирн кезінде бразилиялық джиу-джитсумен айналысқаны бар екен.

"Жаттығып жатырмын, Эдди Хирнді жекпе-жекке шақырмақпын. Ол мен сияқты мықты, ауыр салмақта. Оның Куган Кассиусқа (журналиста IFL TV) қарсы қалай қозғалғанын көрдім. Эдди жақсы жұдырықтасады деп ойлаймын. Сонымен, Эдди мен саған бара жатырмын! Қоңырау шалғанымды күт. 

Басқа промоутерлер - Боб Арум, Фрэнк Уоррен - қартайған. Ал екеуміздің дене бітіміміз бен жасымыз да шамалас. Мен дайынмын Хирн! Джошуа, Уайт немесе басқа боксшыларың туралы ойлама. Сен және мен Сауд Арабиясында, сол жерде ұйымдастырайық", - дейді Фьюри Instagram желісіндегі тікелей эфирде. 

Айта кетейік Хирн қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КO) де ісін жүргізеді.