"Сұмдық айқас болады". Қазақ сарбазы" карьерасындағы ең мықты қарсыласыпен жұдырықтасады

4 желтоқсан 2019 10:51
© Eye of the Tiger Management
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың (10-0, 9 КО) келесі қарсыласы карьерасындағы ең мықтысы. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында кәсіпқой бокстың канадалық сарапшысы Шон Смит осындай мәлімдеме жасады. 

WBC "жастар" титулына ие Ахмедов 7 желтоқсан Монреальда Давид Лемье (40-4, 34 КО) мен украиналық Максим Бурсак (35-5-2, 16 КО) андеркартында жұдырықтасады. Қарсыласы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос (12-5-2, 7 КО).

"Ахмедов - болашағынан үміт зор талантты боксшы. Оған әлі де үйрене беру керек және жақсы жақтарын дамыту қажет. Бұл қазақстандықпен келісімшартқа отырған промоутерлердің жолы болды. Ол канадалықтардың жүрегін жаулады. Осы жолғы қарсыласы мықты, соққысы ауыр. Қарғанысы да жақсы және көп қозғалады. Бұл Садриддин үшін көп қиындық тудырады. Айқас сұмдық болатынына сенімдімін", - дейді Смит. 
Жаңалықтар