"Соңғы шешімді боксшылар қабылдайды". Промоутер Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу жайлы

©wsj.com

DAZN стримингтік сервисінің әріптесі болып саналатын Matchroom Boxing компаниясының промоутері Эдди Хирн FightHype басылымына берген сұқбатында орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин  (41-1-1, 36 КО) супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) арасындағы үшінші кездесуді ұйымдастыру туралы ойымен бөлісті. 

Кеше Альварес бокс тарихын жаңартты. Тарқатып айтсақ, ол америкалық Калеб Плантты жеңіп, супер орта салмақта барлық белбеулерді жеңіп алды. Айқастан кейін мексикалық боксшы Головкинмен үшінші рет кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ ол үшін GGG желтоқсан айында Жапонияда өтетін кездесуде Риото Муратаны жеңуі керек. 

- Трилогия туралы әлі жаңалық жоқ. Барлық жанкүйер бұл бокс тарихындағы ең үлкен айқас болатынын біледі. Мен "Канелоның" да Головкиннің де бұл кездесуге келісім беретінін білемін. Бірақ ол үшін Геннадий Токиодағы кездесуінде жеңіске жетуі керек. Содан соң біз үшінші кездесуді ұйымдастыруға кірісеміз. Трилогия - екі боксшы үшінші табысты айқас болады. Оның үстіне бұл кездесуде әлемнің абсолюті атағы тағы да сарапқа салынады. Дегенмен соңғы шешімді боксшылар қабылдайды. Біз тек DAZN компаниясымен сөйлесіп, қанша ақша ұсынатынымызды айтамыз. Ал шешімді боксшылар қабылдайды. 

- Сіз "Канелоның" үшінші кездесуге келісім бергені туралы мәлімдеме жасаған едіңіз. Бұл туралы не айтасыз?

- Мен "Канелоның" жұмыстарын жүргіземін. Сондықтан оның келіскенін білемін. Иә, Сауль осыған дейін Головкинмен жекпе-жек қызық емес екенін айтты. Алайда "Канело" да бұл кездесудің қанша табыс түсіретінін біледі. Оның үстіне Альварес жанкүйерлер көргісі келетін кездесу өткізуге ниетті. 

Еске салайық, бұл боксшылар бұған дейін екі мәрте кездескен. 2017 жылы қыркүйекте өткен айқас тең аяқталса, бір жылдан кейін Альварес жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: