"Соққысы ауыр, мықты боксшы". Менеджер 22 жастағы әлем чемпионы үш салмақта жұдырықтаса алатынын айтады

Сурет: ҚБФ
Қазақстан құрамасындағы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулеов қазір-ақ кәсіпқой боксқа өтуге дайын. Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) пен Иван Дычконың (9-0, 9 КО) менеджері Зия Алиев осындай ойда. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында маман 22 жастағы боксшының басымдықтарын атады. 

Жартылай ауыр салмақтағы Нұрдәулетов былтыр Ресейде өткен Әлем чемпионатында алтын иеленіп, ал 2020 жылы Токио ойындарына жолдама жеңіп алды. 

- Ол да кәсіпқой бокс үшін жақсы проспект. Бірақ мен оның салмағын түсіретін едім, алдымен орта дивизионға, содан бастап жүргізеруге болады. Одан соң екінші орта, сосын ғана жартылай ауыр салмаққа көтеру керек. 

- Кәсіпқойға қай жаста өткен абзал?
- 21-22 жасында 25-ке дейін. Василий Левиттің орны бөлек. Оны бірден жақсы жекпе-жектерге қоюға болады.

- Ал Бекзаттың қандай басымдығы бар?
- Маған Ла Круспен жекпе-жегі ұнады. Біріншіден, ол солақай, маған солақайлар өте ұнайды. Ол қорғана да, шабуылдай да алады. Соққысы да ауыр. Ла Крустан еш қалыспады: керек кезде шабуылдап, керек кезде шегініп отырды. Мықты боксшы.

"Келісімшарт ұсынамыз". Менеджер Левит, Қоңқабаев пен Аманқұлды кәсіпқойға ауыстыру туралы