"Шынымен "ағаш". Сарапшы Головкиннің экс қарсыласының сенсациялық жеңілісі жайлы

7 желтоқсан 2021 10:10
©boxingscene.com

"неКАРАтэ" YouTube арнасының авторы украиналық Сергей Деревянченко (13-4, 10 KO) мен Карлос Адамес (20-1, 16 KO) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бокс тұрғысынан Деревянченко айтарлықтай қызықты жұдырықтасады, бірақ, ол шынымен "ағаш", бір нәрсені түрлі жолмен қайталай береді. Ал Адамес өзін күтпеген қырынан көрсетті. Ол осынша епті және соққыларын осылай өткізе алады деп ойламадым. Сергей тәжірибе, тайминг, үздіксіз агрессия арқасында жеңеді деп ойладым. Бірақ жоқ, олай болмады. 

Енді Деревянченконың әңгімесі бітті, жеке өз пікірім. Ал Адаместі болашақта тамашалауға болады, жігіт дамып келеді, қарсыласына икемделе алады, қашықтықты сезеді, оны оқиды, шабуылдан қауіпсіз ығысады. Арсеналы бай емес әрине, соққыларды жанынан ғана жасайды, дегенмен, олар дөп тиіп жатты. Апперкоттары да өтті.

Еш ренжімесін, Деревянченко бабынан тайды, енді сөне береді, ала Адамес болашағына жоспар құра алады", - дейді ол. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар