Шын себебі. Чемпион Жәнібек Әлімханұлымен айқастан неге бас тартқаны айтылды

©DAZN

Бокс әлеміндегі инсайдер, заңгер, агент және кеңесші Рик Глейсер орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраденің (31-0, 19 КО) Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) қарсы титулын қорғағысы келмей, оны бос қалдыратынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Андраде өз белбеуін бос қалдырып, екінші орта салмаққа өтпек ойы бары айтылған. Бұл дивизионда амеркиалық WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағы үшін жұдырықтасып, осы арқылы "Канелоға" міндетті қарсылас атанбақ. 

"Жәнібек Андрадені сабайтын еді, ол титулды сол үшін босатты", - деп жазды Глейсер твиттерде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар