"Шешеміз". "Канелоның" промоутері Головкинмен жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Allboxing
Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші рет жұдырықтасуға мүдделі. Бұл туралы ESPN басылымына Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес мәлімдеді.

"Бұл біз және жанкүйерлер қалайтын жекпе-жектің бірі. Алдыңғы екі айөас тамаша өтті. Тап қазір белгісіздік көп, өйткені бәрі карантинге жабық және не болып жатқанын білесіздер. Бірақ қолымыз жеткенде бұл мәселені шешеміз", - дейді Гомес. 
Жаңалықтар