"Шарасыз болды". Сарапшы Айдос Ербосынұлының жеңілісіне қатысты

©twitter.com/ShowtimeBoxing

MMA Sport порталының редакторы Бен Смит қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) жеңілгеніне қатысты ойын айтты.

"Бұл айқасты не себепті уақытынан ерте аяқтамағанына таңым бар. Не төреші, не Айдостың бапкері дер кезінде тоқтатпады. Жекпе-жектің соңына қарай Ербосынұлының шарасыз екенін анық аңғаруға болады. Қарсыласынан жеңіліп жатты. Дәл соққылар бойынша Моррел айқын екенін көрсетті. Соңғы раундтарда Айдос шарасыз болды. Айқас бір жақты өтті", - деді Смит.

Еске салайық, 12 раундқа жоспарланған айқас уақытынан ерте аяқталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport