Сергей Ковалев жеңіске жеткен айқасы үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды

©Global Look Press

Сергей Ковалев соңғы жекпе-жегінде қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ресейлік кәсіпқой боксшы болгариялық Тервел Пулевпен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. FightSpace телеграм-арнасының мәліметінше Ковалев 500 мың АҚШ долларын, ал Пулев - 195 454 АҚШ долларын иеленген.

Бұл Сергей үшін ауыр салмақта өткен алғашқы айқас болды. Ол араға екі жыл салып шаршы алаңға қайта оралғанын айта кеткен жөн. Соңғы рет Ковалев 2019 жылдың қарашасында 11-раундта Сауль "Канело" Альвареске нокаутпен жеңілген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport